Жаңалықтар

Ойынның соңы оқыс оқиғаға ұласты: Алматыда ер адам кішкентай баланы сабап тастады (ВИДЕО)

Ойынның соңы оқыс оқиғаға ұласты: Алматыда ер адам кішкентай баланы сабап тастады (ВИДЕО)

Алматыда кішкентай балаға ауыр қол көтерген ер адам құрықталды. Тосын оқиға көпқабатты тұрғын үй кешенінің ауласында болған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бәріне аулада ойнап жүрген балалар арасындағы келіспеушілік себеп болды. Кішкентайлардың өз арасындағы жанжалына ересек адам араласып кеткен. Ол мәселені өз бетінше шешіп күш көрсетуді жөн санаған.

Ересек адамның шабуылынан жеткіншек түрлі дене жарақаттарын алды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап қамауға алды.

Барлық жаңалық