Шоу-бизнес

«Ой, шешесі сияқты»: Қайраттың балаларымен түскен видеосы желіні жарды

«Ой, шешесі сияқты»: Қайраттың балаларымен түскен видеосы желіні жарды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ерекше видео жариялады,  деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол бірнеше жыл бұрын түсірілген, Қайраттың балаларының ортасында еркелетіп, мәз-мейрам болған сәтін жармялаған. 

"Құлынымның құлыншақтары! Алла төрт көздерін түгел етіп, ұзақ әрі мәнді ғұмырлы өмір берсін! Жүрегімнің жүрекшелері!", - деп жазды продюсер. 

Кадрларда Қайраттың балаларынан "Өскенде кім боласыңдар?" деп сұрағанын көруге болады. 

Қызы Алау: "Актриса және бизнеследи болғым келеді" деп жауап берген. 

Оның бұл жауабына әкесі: "Ой, шешесі сияқты бұл да бәрі болғысы келеді" деді. 

Оқырмандар бұл видеоға түрлі пікір білдірді. 

"Біреудің баласы тез өседі деген осы", "Алау арманына жетіпті ғой", "Қайрат қартаймайды екен", "Тәп-тәтті өздері", "Көз тимесін", "Шешесі сияқты деген өтті", - деп жазды көпшілік. 

Барлық жаңалық