Әлеуметтік желіде Динара Сәтжанның Сарыағашта қарбыз жеп отырған видеосы тарап кетті деп жазады Оzgeris.info. Видео көпшіліктің назарын бірден аударды, желі қолданушылары оны жылы қабылдап, көңіл күйін көтеріп жатыр.
Айта кетейік, Динара күйеуінің ауылына Сарыағаш, Сіргелі ауылына кіребестегі арканың ашылу салтанатына қатысып, нағыз келін образымен ел алдында бой көрсетті. Оның қарапайым, ауыл өміріне тән бейнесі көпшіліктің жүрегін жаулап, бейнежазба арқылы ауылдық дәстүр мен қарапайымдылықты паш етті.
Желі қолданушылары видеоны көріп, түрлі пікір қалдырған:
«Образды өлтіріп жіберіпті»,«Нағыз ауылдың келіні болып қалыпты ғой»,«Оңтүстіктің келіні болған жарасады»