Нұрбек Оралбай Азия чемпионатындағы финалдық жекпе-жекте өнер көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Аталған дода Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өз мәресіне жетіп келеді.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын жүлде үшін Нұрбек Өзбекстан өкілі Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Оралбай төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрбек Оралбай чемпион атанып, алтын медальді еншілесе, Жасурбек Юлдошев күміс жүлдені қанағат тұтты.