Жаңалықтар

«Нұрайдың тағдырын қайталаудан қорқамын»: Қызылордалық ару желіде өміріне қауіп барын мәлімдеді

«Нұрайдың тағдырын қайталаудан қорқамын»: Қызылордалық ару желіде өміріне қауіп барын мәлімдеді

Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайдың пышақ жарақатынан қаза табуы қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырғаны белгілі. Осы қайғылы оқиғадан кейін Қызылорда қаласының тұрғыны Жазира Қуанышбай да өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, әлеуметтік желі арқылы дабыл қақты, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты kznews.kz. сайтына сілтемемен.

 

Жас қыздың сөзінше, белгісіз бір адам соңғы алты ай бойы оны үздіксіз мазалап, тыныштық бермей келеді. Ол өз басынан өтіп жатқан жағдайдың Нұрай Серікбаймен болған оқиғаға ұқсайтынын айтып, қатты алаңдайтынын жеткізген.

 

«Менің басымнан өтіп жатқан жағдай Нұрайдың оқиғасына өте ұқсас. Қызылордада тұрамын. Полиция мен прокуратураға бірнеше рет арыз жаздым. Қауіпсіздігім үшін жалғыз жүрмеуге тырысамын, кейде тіпті 102-ге хабарласуға мәжбүр боламын», – деп жазды ол.

 

Жазира Қуанышбайдың айтуынша, ол құқық қорғау органдарына бірнеше рет жүгінгенімен, әзірге нақты нәтиже болмаған. Прокуратура істі полицияға жолдаған, ал полицияға күдікті тұлғаға қатысты барлық дәлелдер фото және видеоматериалдар тапсырылғанымен, іс «номенклатуралық» деп танылып, жабылып қалғанын айтады.

 

Аталған жағдайға байланысты Қызылорда облыстық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, сталкинг дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ полиция департаменті бұл істің тергелу барысы басшылықтың қатаң бақылауында екенін атап өтті.

Барлық жаңалық