21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты inbusiness.k-ке сілтеме жасап.
"Нұрайдың ісі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1-7 томдарымен танысып, көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасуда. Істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады", – деп жазды адвокат желідегі парақшасында.