Жаңалықтар

Нұрай Серікбайдың анасы сот үкімі туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Нұрай Серікбайдың анасы сот үкімі туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Нұрай Серікбайдың анасы қызының өліміне қатысты сот үкімі шыққаннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Осы үкімге ризамын. Ату жазасы жоқ. Сондықтан ол өмір бойына бас бостандығынан айырылып, түрмеден шықпауы керек», - деді Нұрайдың анасы.

Айта кетейік, Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған Шерхан Аймаханға сот үкімі шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бөлек, сотталушыдан 25 млн теңге моральдық және 5 млн теңге материалдық шығын, сондай-ақ 2 млн теңге мемлекеттік баж салығын өндіру туралы шешім қабылданды.

Сот отырысына Шерхан Аймаханның туыстары келген жоқ.

 

Барлық жаңалық