Жаңалықтар

Нұрай Серікбай ісі: Айыпталушы ауырып, сот кейінге қалдырылды

Нұрай Серікбай ісі: Айыпталушы ауырып, сот кейінге қалдырылды

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша 21 шілдеге белгіленген алғашқы сот отырысы кейінге шегерілді. Бұған сотталушының денсаулығына байланысты сотқа келе алмауы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысы 2026 жылғы 21 шілде күні сағат 10:00-де Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында өтуі тиіс еді.

Отырыс барысында жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушының қатысуынсыз-ақ іс материалдарын қарауды ұсынды.

«Менің ойымша, бұл кезеңде сотталушының қатысуы аса қажет емес. Сондықтан сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарауды бастай берсек болады», – деді адвокат.

Алайда судья бұл ұсынысты қабылдамады. Оның айтуынша, сот процесі ресми түрде әлі басталмаған және қандай да бір өтінішті қарау үшін барлық процеске қатысушылардың қатысуы қажет.

«Сотталушының денсаулығына байланысты сот отырысын кейінге қалдырамыз. Оның қашан сауығатыны әзірге белгісіз. Соған сәйкес келесі сот отырысының күні кейін анықталады», – деді судья.

Барлық жаңалық