Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты кезекті сот отырысы жалғасын тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желіде айыпталушының оқиға қалай болғанын баяндағаны бейнеленген видео тарады.
"...Мен кетіп қалдым. Есімді жисам қай жаққа барғанымды білмеймін, бір жерде тұр екенмін. Есімді жоғалтып алдым да, бір ояндым. Далада жатыр екенмін. Есімді жинап қарасам, күртешемде бір пышақ тұр екен. Көліктер жүріп жатыр екен. Жолға бардым, автокөлікті тоқтаттым. Өзімнің көлігім қайда екенін білмеймін. Екі машина өтті, біреуі тоқтатады. Соған қарай барсам полиция қызметкерлері екен. Өз еркіммен отырдым", – деді Шерхан Аймахан.
Айта кету керек, бұған дейін сотта Нұрай мен анасы арасындағы хат оқылғанын жазғанбыз. Қылмыстық істегі айыпталушы өз кінәсін мойындамады.