Нью-Йорктің орталығындағы Таймс-сквер қоршауға алынды: пышақпен қаруланған әйел өтіп бара жатқан екі адамға тап берген, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Полицияның хабарлауынша, зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі алған жарақатынан көз жұмды, ал екіншісінің жағдайы ту тұрақты деп бағаланып отыр.
Құқық қорғаушылар алдымен шабуылшыны электрошокермен тоқтатпақ болған, бірақ одан нәтиже шықпаған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері оқ жаудырды. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.