Қоғам

«Несие жоқ кездер»: Астанада жаңбыр суына шомылған еркектерді полиция қамап тастаған (ВИДЕО)

«Несие жоқ кездер»: Астанада жаңбыр суына шомылған еркектерді полиция қамап тастаған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Астанада жаңбыр суына шомылып жатқан үш ер адамның видеосы тарады. Олардың қолында сыра бөтелкесі болған. Жауынның суына шомылғандарға желі қолданушылары «несие жоқ кездер, бақытты ғой» деп пікір білдірген, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Астана қаласының Сарыарқа ауданынынң полициясы азаматтарға қатысты мәлімдеме жасады.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Тұрғын үйдің ауласында мас күйде болған екі ер адамның ойнап жүрген балаларға қарай жаңбыр суын шашқаны анықталды.Аталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, іс- материалдары сотта қаралғанға дейін уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Материалдар Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жіберілді», - деп хабарлады полиция департаменті.

  

Барлық жаңалық