Заң бұзушылық

Несие алуға мәжбүрлеген аса қауіпті қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы арнайы жасақ (СОБР) қызметкерлерінің қолдауымен бір топ азаматты қамауға алды деп хабарлайды ozgeris.info сайты liter.kz сайтына сілтемемен. Олар жергілікті тұрғыннан ұзақ уақыт бойы ақша бопсалап келген.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер екі жыл көлемінде жәбірленушіні қорқытып-үркіту арқылы әртүрлі қаржы ұйымдарынан несие алуға мәжбүрлеген. Нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 900 мың теңгені құрады.

Күдіктілердің біріне тиесілі Mercedes автокөлігін тексеру кезінде полиция қызметкерлері үш оқжатарымен бірге пневматикалық қару, бүктелмелі пышақ және ұялы байланыс сигналын бұғаттайтын құрылғы (глушилка) тапты.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша «бопсалау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Барлық жаңалық