Әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде тараған видеосына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желіде өнер иесінің әнші Ахтамбек Юлдашевтың шаңырағында билеп отырған видеосы тарады. Көпшілік Мадинаның биін сынға алып, түрлі пікір жазды.
«Атхамбек атамыздың үйінде билеп жүрген видеода толық болып көрініп, барлықтарыңыз маған сын жазып жатырсыздар. Негізі ондай қатты толық емеспін. Атамыздың үйіне хәл-жағдайын сұрап кіріп шықтық. Негізі 9 қараша күні Шымкент қаласында Атхамбек Юлдашевтың концерті болады. Сол жерде бірге дуэт орындаймыз. Атамызбен 15 жыл бұрын Астанада үлкен концертте Қарақат, мен, Айгүл Иманбаева бірге қатысқан болатынбыз. Енді міне тағы да концертте бірге шығып, сіздермен жолығамыз»,– деді әнші.