Шығыс Қазақстан облысы

«Неге үндемей отырсың?» – Зайсанда әкім мен тұрғын арасындағы жанжал видеоға түсті

«Неге үндемей отырсың?» – Зайсанда әкім мен тұрғын арасындағы жанжал видеоға түсті

Әлеуметтік желілерде Зайсан ауданындағы бір ауыл әкімінің тұрғындармен сөйлесу кезінде бейәдеп сөздер айтқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Todayinfo.kz сайтына сілтемемен.

 

Бейнежазбада бірнеше ауыл тұрғыны әкімнің қабылдауына келіп, оның жұмыс барысына қатысты сұрақтар қойғаны байқалады. Әңгіме барысында пікірталас ушығып, шенеунік өзін ұстай алмай, дөрекі сөздер айтқан. Кадрда сол сәтте полиция қызметкері де болғанымен, жағдайға араласпағаны көрінеді. Бір әйел полицейге: «Неге әрекет етпей отырсыз?» деп сұрағанмен, нақты жауап ала алмайды.

Оқиға қоғам арасында кең талқыға түскеннен кейін, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жедел түрде тексеріс бастады. Әкімнен ресми түсініктеме талап етілді, ал бейнематериал Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылуы бойынша мәселе қаралатын болады.

 

Облыс басшылығы мемлекеттік қызметкерлердің мұндай әрекеттері қатаң сынға ұшырайтынын, ал қызмет этикасын бұзу тәртіптік жазаға әкелетінін атап өтті.Ресми органдар қазіргі уақытта бейнежазбаны егжей-тегжейлі зерттеп жатыр.

 

 

Барлық жаңалық