Танымал әнші Мақпал Жүнісова Оралдағы концертінде пианиноның шаңын көрсетіп, қолымен сүртіп жібереді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Кейн әншіні ұлықтау кезінде ақын Бауыржан Халиолла бұл жағдайдан әдемі сөз тауып шыққан.
«Бұл күйсандыққа сізден басқа ешкімді жақындатпаймыз. Сізді ұзақ күтіп, әбден шаң басып қалды. Көңілді де, күсандықты да шаң басты. Соның шаңын өз қолыңызбен сүрткеніңізге рақмет. Қалжың үшін айтып жатырмын, күн сайын тазаланады. Лактың түсі сондай», - деді ол.