Бұған дейін Бакиров алдымен уақытша ұстау орнына қамалып, кейін Тараз қаласындағы №13 тергеу изоляторына ауыстырылған. Кеше кешке өнер иесі қайтадан изоляторға жеткізіліп, бүгін сот отырысына әкелінген.
Наваи есірткі контрабандасына қатысты айыпты мойындамаған. Оның айтуынша, марихуана өзі жалға алған «Mercedes» автокөлігінен табылған.