Әлеуметтік желілерде Ерболат Құдайбергеновке қатысты делінген бейнежазба тарап жатыр. Онда полиция қызметкерлері бір азаматты ұстап, наркологиялық орталыққа жеткізгені көрсетілген, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты 100baksoff-қа сілтеме жасап.
Алайда кадрдағы адамның шынымен әнші Ерболат Құдайбергенов екені ресми түрде расталған жоқ. Бұған дейін де желі қолданушылары өнерпазға ұқсас азаматтың «закладка» іздеп жүргені туралы видеолар жариялаған еді. Дегенмен видеодағы адамның нақты кім екені және оқиғаның мән-жайы бойынша құзырлы органдар әзірге ресми ақпарат таратпады.
Қазіргі уақытта Ерболат Құдайбергеновтің өзі немесе оның өкілдері тарапынан да қандай да бір пікір берілген жоқ. Жағдайға байланысты ресми түсініктеме күтілуде.
Дереккөз: 100baksoff_almaty.