Спорт

Нариман Құрбанов Словениядағы сайыста финалға шықты

Нариман Құрбанов Словениядағы сайыста финалға шықты

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңінің алғашқы іріктеу күні аяқталды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,900 ұпай жинап, финалдық кезеңге бірінші орынмен шықты.

Зейнолла Идрисов та медаль үшін сынға түседі. Іріктеуде ол төрешілердің шешімімен 14,266 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Сақиналардағы жаттығуда Роман Маменов 13-орынмен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, турнирдің финалдық бәсекелері 30 мамырда басталады.

Бұған дейін Нариман Құрбанов Германиядағы әлем кубогы кезеңінде қола медаль алғанын жазғанбыз.



https://kaz.inform.kz/news/nariman-kurbanov-sloveniyadagi-alem-kubogi-kezennn-finalina-shikti-b4eca253

Барлық жаңалық