Ақтөбелік ана баласын құтқарып алу үшін мемлекеттен көмек сұрап отыр. Оның айтуынша, 24 жастағы ұлы әлеуметтік желіден көрген жарнамаға сеніп, шетелге жұмысқа аттанған екен, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Жас жігітке Түркияда моторлы қайықпен туристерге серуен жасау жұмысы ұсынылған, тіпті жол ақысын да жұмыс беруші көтерген. Алайда іс жүзінде бұл заңсыз мигранттарды теңізбен тасымалдау кестесі болып шықты.
Жігіттің анасы Нұрхан Қадырова ұлының халықаралық алаяқтардың торына түскенін айтады. Жігіт ешкімге айтпай шетел асып кеткен, кейін бейтаныс нөмірден өзінің Грекия түрмесінде отырғанын жеткізген.
Тергеу барысында жігітке құжаттарға қол қоюды ұсынған, қол қоймаса, жаза мерзімі ұзаратынын ескерткен. Нәтижесінде сот оған 125 жыл бас бостандығынан айыру және шамамен 1 миллиард теңге айыппұл тағайындаған.
Жергілікті басылым хабарлағандай, ана баласының заңсыз тасымалдауды ұйымдастырмағанын, тек делдалдардың тапсырмасын орындаушы ғана болғанын алға тартады.
Қазір жігіт жаңа сот процесін күтіп отыр, ал отбасы Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрап жүр.