Әлеуметтік желіде өзін Тұрсынбек Қабатовтың жары ретінде таныстырған Айман есімді келіншек Тәуелсіздік күніне орай бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Видеода ол Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, елге амандық пен бірлік тіледі.
"Кеш жарық, Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Тұғырымыз биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Мерекелеріңізбен!", - деп жазды ол.
Жазба TikTok платформасында таралып, қысқа уақытта көп қаралым жинады.
Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.
"Нәп-нәзік, сүйкімді екен ғой", "Қырықтағы апа ма деп жүрсем, жап-жас екен ғой", "Әдемі екен", "Сөз саптауы жақсы", "Мөлдірден әдемі ғой", - деп жазды оқырмандар.