Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова оның өткен жылғы туған күніне қандай тосын сый жасағанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол Қайратқа бесінші қызына жүктілігін тосын сый ретінде хабарлаған. Балаларымен жиналып, Қайратқа сыйлық ретінде қорап берді. Қораптың ішінде кішкентай баланың киімі мен узи фотосы болған.
Баланың киімін қолына алған өнер иесі "Мынау не?" деп таңданды.
Кейіннен узидағы баланың фотосын көрген соң ғана Жұлдыздың жүкті екенін түсінді.
"Мәссаған! Шынымен бе? Мен бақыттымын! Құдай қаласа біз жетеу боламыз. Мен үшін ең үлкен сыйлық. Менің қуанышымда шек жоқ Жұлдыз, саған көп рахмет! Аллаға сансыз шүкір!", - деді әнші.
Оқырмандар әншінің бақытты жүзін көріп, қуанғандарын жасырмады.
"Балаша қуанды қой Қайрат. Бірінші рет көруім", "Қандай керемет. Жылап отырмын", "Бақытты болыңыздар", "Не деген күшті эмоция", "Көз тимесін", - деп жазды желідегілер.