Қоғам

«Мынау масқара ғой»: Ерке Есмаханды ашуландырған кім

«Мынау масқара ғой»: Ерке Есмаханды ашуландырған кім

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі әр жазбасын жаңалыққа айналдыратын бұқаралық ақпарат құралдарына наразылығын білдірді. Өнер иесі жұбайы RaiM-ның өзіне Дубайдан iPhone алдырғаны туралы тараған материалға пікір білдірген, деп жазады Ozgeris.info.

«Мынау масқара ғой. Бұл ақпараттың қоғамға қандай пайдасы бар екен, а? Мен жеке парақшамды жүргізгенде салатын әңгімелерімнің жаңалыққа айналуы — таза құлдырау деп білем», — деп жазды әнші.

Ерке Есмахан әр адамның жеке парақшасын өзі қалағандай жүргізуге құқылы екенін, ал халыққа ақпарат тарататын медиалар қоғамға пайдалы әрі маңызды мәселелерді көтеруі керектігін айтты.

«Жеке парақшасын әр адам қалай жүргізетінін өзі шешеді. Ал халыққа жаңалық тарататындар қоғамға пайдалы, маңызды дүниелерді жазуы керек шығар. Айтпақшы, тағы бір маңызды жаңалық: RaiM ертең маған парфюм әперейін деп жатыр. Лондоннан алдырам деп отыр», — деп мысқылдады өнер иесі.

Барлық жаңалық