Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында өмір, өнер және өзін тану туралы философиялық жазба жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Өнер иесі актрисалық жолдың сан түрлі тағдыр мен эмоцияға толы екенін атап өтті. Оның айтуынша, актер бір ғұмырда мыңдаған кейіпкердің бейнесін сомдап, олардың қуанышы мен қайғысын, жеңісі мен жеңілісін бірге сезінеді.
Сондай-ақ актриса түрлі образдардың арасында адамның өз болмысын жоғалтпай, жүрек қалауына адал болып қалуы маңызды екенін жеткізді.
«Өзгені мың рет танығаннан гөрі, өзіңді бір рет танығаның маңызды», – деген Сократ сөзін келтірген ол өзіңе деген адалдықтың өмір бойы сақталуы керек екенін атап өтті.