Жаңалықтар

Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, жақындарымен қауышты

Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, жақындарымен қауышты
Әлеуметтік желі жұлдызы Мұрат Әбділда бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ozgeris.Info. Блогердің адвокаты Молдахан Әділетхан әншінің анасымен қауышқанын айтты.
«Алматы-Шымкент бағытына ұштық. Мұрат Әблділданы шығарып аламыз», – деді заңгер жеке парақшасында.
Оны күтіп алуға анасы мен «Миллион» командасының жігіттері барған.
«Мен – Мұрат Әбділда. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шықтым», – деді блогер-әнші.
Айта кетейік, Қазақстандық блогер Мұрат Әбділда соттан мерзімінен бұрын босатуды сұраған еді.
Барлық жаңалық