Желіде "Нұр-Мұқасан" тобына жаңа қосылған әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жықты деген күдікке ілінген өнер иесінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Оқиғаға қатысты алғашқы мәліметті Ғалымжанның жағдайын қоғамға жария еткен журналист Жан Ахмадиев растады.
Журналистің айтуынша, күдікке ілінген танымал әнші Мұқасан Шахзадаев қамауға алынған.
"Қайырлы күн, қасқыр мінез қазағым! Күні кеше Мұқасан Шахзадаевтың ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғаны жайлы ақпарат түсті. Ғалымжан мырза да бұл істі соңына дейін жеткізуге бекініп отыр. Мен оның бұл әрекетін дұрыс деп санаймын. Әділдікке жету үшін қолдан келгенінше көмектесеміз. Қазақ елі, сіздердің де қолдауларыңыз қажет," – деді Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі жазбасында.