Қоғам

Мүгедектікті үйден шықпай рәсімдеуге болады

Елімізде енді мүгедектікті сырттай, яғни азаматтың өзі қатыспай-ақ онлайн рәсімдеуге мүмкіндік берілді, деп жазады Ozgeris.info. 

Енді медициналық-әлеуметтік сараптама  жүйесі толық цифрландырылып, қағазбастылық пен кезек күту сияқты қиындықтар жойылды. Құжаттар онлайн қаралады, ал азамат тек тұрғылықты жеріндегі емханаға барып, қажетті тексеруден өтсе жеткілікті. Қалған барлық процесс ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

«Жоба елдің барлық 20 өңірін қамтыды. Қаңтар айынан бері 30 түрлі дерт бойынша 62 мыңға жуық өтініш қаралды. Барлығы өтініш берушінің қатысуынсыз, онлайн форматта жүзеге асады. Бұл – сирек жағдай емес, күнделікті тәжірибеге айналды», – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

 

Барлық жаңалық