Мүмкіндігі шектеулі жандармен өткен кездесуде, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың көзінше айтылған бір ғана сөйлем әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырдыдеп хабарлайды Оzgeris.info сайты HALYQSTAN -ға сілтемемен.
«Мүгедектерді онсыз да Құдай жазалап қойған», – деді шенеунік.
Бұл сөз талғарлық паблик жариялаған видеодан кейін желі қолданушыларын таңғалдырды. Комментарий қалдырғандар Есболатовқа «Сіз Құдай атынан сөйлеуге міндетті емессіз», «Кімнің жазаланғанын анықтау – қызметтік нұсқаулыққа кірмейді» деп ескерту жасады.
Азаматтар шенеуніктің сөзін сынға алып, мүгедектікке әкелетін жағдайлар ЖКО, генетикалық ерекшеліктер, балалық шақтағы ауру, дәрігер қателігі немесе өндірістік жарақат «кармалық үкім» емес екенін еске салды.
Желі қолданушылары тағы бір сұрақ көтерді:
«Министрдің алдында айтылған сөз осы болса, жабық кабинетте не айтылады?»
Қоғам өкілдері жоғары лауазымды тұлғалар халық алдына шығар алдында сөзін мұқият дайындап, ойланбай айтылған «теологиялық» пікірлерден аулақ болуы керектігін атап өтті. Себебі кездесуге келген адамдар қолдау мен шешім іздеп келді, ал «кімді Құдай жазалады» деген дәрістерді тыңдау үшін емес.