Шоу-бизнес

«Мошенники» киносы прокатқа шықты

«Мошенники» киносы прокатқа шықты

Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында киберқылмыс мәселесін көтерген танымал «Мошенники» сериалының толықметражды жалғасы үлкен прокатқа шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Сюжет желісі Қолға түспестей көрінген қылмыскер Дамир алғаш рет қауіптілігі жағынан өзімен деңгейлес Марат есімді қарсыласымен бетпе-бет келеді. Өз үйінде тұтқынға түскен басты кейіпкер қылмыстық жолындағы ең ауқымды алаяқтық схемасы – алданған салымшылардың миллиардтаған доллары сыртқа шығарылатын банк құру туралы баяндайды.

Бұл туындыны Salem Entertainment медиакомпаниясы, Start стриминг-платформасы және Bas Production студиясы бірігіп түсірсе, режиссерлік тізгінді Олжас Нұрбай ұстаған.

Фильмнің актерлік құрамын жобаның авторы әрі продюсері Рүстем Омаров бастап, оған отандық кино жұлдыздары Ержан Түсіпов, Бөпеш Жандаев, Дмитрий Багрянцев пен Ұлбосын Шалқарова серіктес болды.

Жобаның бас продюсері әрі сценарий авторы Рүстем Омаров команданың алдында екі маңызды міндет тұрғанын жеткізді.

«Біріншіден бұл қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселе саналатын киберқылмыс туралы көрерменге ақпарат беретін өткір әлеуметтік жоба, ал екінші мақсатымыз сериалды көрмеген адамға да түсінікті әрі қызықты болатын сапалы ойын-сауық киносын жасау болды. Яғни біздің фильм көпсериялы жобаның жалғасы болғанымен, өзіндік толық аяқталған оқиғасы бар жеке туынды болып табылады», – деді басты рөлді сомдаған Рүстем Омаров.

Кинокартинаның бас продюсерлері қатарында Игорь Цай, Қуат Садықов, Ақылбек Досжанов, Саида Игенбек, Алексей Троцюк, Орынбасар Құдайбергенов және Тимур Смағұлов бар, ал идея мен сценарийді Рүстем Омаров пен Илхан Исхакбаев бірлесіп жазған.

Айта кетейік, осыған дейін шыққан сериалдың бірінші және екінші маусымы YouTube желісінде 60 миллионнан астам қаралым жинаса, Start платформасындағы екінші маусымның тұсаукесері алғашқы аптада 4,5 миллионнан аса көрермен жинаған еді.

Барлық жаңалық