Танымал айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаева соңғы уақытта басынан өткізген жғадайды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Тұрсынбаеваның айтуынша анасы науқастанып қалған.
"Соңғы 3 күн өте ауыр өтті. Миым да, жүрегім де тоқтап қалғандай болып еді, бәрі артта қалған сияқты. Аллаға шүкір! Дәрігерге алғысымыз шексіз! Анамыз бір өлімнен аман қалды! Алла жақындарымызды аман қылсын!", - деп жазды ол.