Қоғам

«Miss Universe 2026» байқауында Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді

«Miss Universe 2026» байқауында Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді

 Алматыдағы Kosmos мекемесінде «Miss Qazaqstan 2025» және «Miss Universe Kazakhstan 2026» атақтарының иегері Алина Ридің халықаралық «Miss Universe 2026» байқауына қатысуына арналған баспасөз конференциясы өтеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

 Іс-шарада Қазақстан атынан таныстырылатын ұлттық костюм көрсетіледі. Оны тігуге 5 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Биыл «Miss Universe» байқауы 75-рет өтеді. Халықаралық сайыстың финалы 24 қарашада Пуэрто-Риконың Сан-Хуан қаласында ұйымдастырылады. Байқауда жүзден астам ел мен аумақтың өкілдері бақ сынайды.

Алина Ри «Miss Qazaqstan 2025» ұлттық байқауында жеңіске жетіп, Қазақстан атынан халықаралық додаға қатысу құқығына ие болды. Баспасөз конференциясында ол байқауға дайындығы, алдағы жоспарлары және әлемдік сахнада ел атынан өнер көрсетуге қатысты ойымен бөліседі.

Іс-шараның басты бөлігі  Қазақстанды таныстыратын ұлттық костюмнің тұсаукесері. Алина оның тұжырымдамасы, символикасы және жасалу барысы туралы айтып береді.

«Miss Universe тек сахна мен тәж емес. Бұл қазіргі қазақстандық қыздың қандай екенін әлемге көрсету мүмкіндігі. Мен тек өзім үшін емес, бүкіл ел үшін барамын», -деді Алина Ри.

«Miss Qazaqstan» қоғамдық қорының өкілдері Алинаның халықаралық байқауға қатысуы Қазақстанды әлемдік сахнада танытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Барлық жаңалық