Қоғам

«Мисс Қызылорда»: Қанат Әлжаппаров алғаш рет көпке өзінің жан жарын көрсетті

«Мисс Қызылорда»: Қанат Әлжаппаров алғаш рет көпке өзінің жан жарын көрсетті

Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров жұбайын көпшілікке көрсетті, деп жазады ozgeris.info.

Желіде Қанат Әлжаппаров пен оның жан жарының бірге түскен видеосы тарады. Бейнежазбада асаба өзінің әйелін әзіл араластыра таныстырып, оның сұлулығын ерекше атап өткен.

"Осы жеңешемнің тұрған тұрысы анау-мынау емес. «Мисс Қызылорда», ал бүгін — «Мисс Қазақстан»", — деп қалжыңдады ол.

Бейнежелідегі жазбаға пікір қалдырған жұртшылық ерлі-зайыптыға ізгі тілектерін жаудырып, ұзақ та бақытты ғұмыр тіледі.

Барлық жаңалық