Жаңалықтар

Мирзиёев Тоқаевқа Түркістан кесенелеріне қатысты құнды архив құжаттарын тапсырды

Мирзиёев Тоқаевқа Түркістан кесенелеріне қатысты құнды архив құжаттарын тапсырды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған құжаттары Қазақстанның тарихи мұрасын зерттеу үшін өте маңызды деп хабарлайды ozgeris.info сайты inbusiness.kz ке сілтеп.

Мемлекет басшысына тапсырылған материалдардың негізгі тізімі:

  • Мавзолейлерге қатысты деректер: Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи және Рабия Сұлтан Бегім кесенелеріне қатысты құнды құжаттар.

  • Сызулар мен фотоматериалдар: 1920–1950 жылдар аралығында жасалған бірегей сызбалар мен суреттер.

  • Архивтік көшірмелер: Өзбекстан архивтерінен табылған, осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енбеген сирек кездесетін материалдар.

Ақорданың баспасөз қызметі бұл құжаттардың Қазақстан тарихы мен сәулет өнерін зерттеуде, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-рухани байланысты нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті.

 

Барлық жаңалық