Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының екінші кезеңінде қазақстандық спортшы Милад Карими тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ұлттық құрама көшбасшысы керме жаттығуының финалында сәтті өнер көрсетіп, 15.033 ұпай жинады. Осы нәтижемен ол күміс жүлдеге ие болды.
Бұл жаттығуда бірінші орынды Қытай Тайпейінің өкілі Танг Чиа Хун жеңіп алды. Ол 15.366 ұпай жинады. Ал үшінші орын колумбиялық Анхель Барахасқа бұйырды - 14.400 ұпай.
Осы бағдарламада сынға түскен тағы бір қазақстандық гимнаст Диас Тойшыбек жүлдеге бір табан жетпей, төртінші орынға тұрақтады. Оның көрсеткіші - 13.900 ұпай.
Осылайша Милад Карими әлем кубогын 2 күміс медальмен аяқтады.