Жаңалықтар

Михаил Шайдоров уәдесінде тұрып, жас спортшыларға сыйлық сыйлады

Михаил Шайдоров уәдесінде тұрып, жас спортшыларға сыйлық сыйлады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров балаларға берген уәдесінде тұрды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Спортшы Алматы қаласындағы №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын жас мәнерлеп сырғанаушылармен кездесті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ол жас спортшыларға спорттық құрал-жабдық алуға арналған сертификаттар табыстады.

«Балаларға қуаныш сыйлап, олардың өз күшіне деген сенімін арттыра алғаныма өте қуаныштымын. Алдағы уақытта да мәнерлеп сырғанаумен айналысатын балаларды қолдауға күш саламын», – деп жазды Шайдоров.

Еске салайық, бұған дейін Михаил Шайдоров Туризм және спорт министрлігімен жаңа келісімшартқа қатысты мәселелер шешілсе, бірнеше ай бойы төленбеген жалақысын балаларды қолдауға жұмсайтынын мәлімдеген.

Кейін тараптар келісімге келіп, жаңа келісімшартқа қол қойылды. Ал Шайдоров өз сөзінде тұрып, уәде еткен қаражатын жас спортшыларға көмек көрсетуге бағыттады.

Барлық жаңалық