Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында топ жарған Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте жоғарылады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Отандасымыз ISU халықаралық рейтингінде үздік үштікті түйіндеп тұр. Михаил Шайдоровтың қоржынында 4961 ұпай бар.
Бұған дейін ол төртінші орында болған еді. Рейтингтің көшін АҚШ өкілі Илия Малинин 5410 ұпаймен бастап тұр. Ал екінші орынға Олимпиада ойындарының төрт дүркін күміс жүлдегері Юма Кагияма жайғасқан.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров Италияда жалауын көтерген додада мәнерлеп сырғанаудан сәтті өнер көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанды.
Бұл Қазақстан қоржынына 32 жылдан кейін түскен тарихи алтын жүлде.