Жаңалықтар

«Менің атым Қожа» фильмінің жұлдызы Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті

«Менің атым Қожа» фильмінің жұлдызы Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист әрі кинодраматург Нұрлан Сегізбаев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Қаралы хабарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түрде мәлімдеді.

 

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға. Ол саналы ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятты дамытуға арнап, кейінгі ұрпаққа құнды рухани мұра қалдырды.

 

Өнерсүйер қауымға ол әйгілі режиссер Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» көркем фильміндегі басты рөлі арқылы кеңінен танылды. Аталған туынды қазақ киносының алтын қорына енген классикалық фильмдердің бірі саналады. Нұрлан Сегізбаевтың экранда сомдаған көркем бейнелері отандық кино өнерінің тарихында айрықша орын алып, көрермен жадында мәңгі сақталды.

 

Сонымен қатар, ол сценарист және кинодраматург ретінде де ұлттық киноның дамуына зор еңбек сіңіріп, бірнеше шығармашылық жобаларға атсалысты. Оның еңбектері қазақ өнерінің рухани құндылықтарын терең ашуымен ерекшеленді.

Барлық жаңалық