Әнші Индира Елемес белгілі композитор Арман Дүйсеновтың ұлының қазасына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өмірден озуы елді есеңгіреткен жаңалықтардың бірі болды. Әнші Индира Елемес өнердегі ағасының жертөледегі студияда жан тапсырғаны туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында жария еткен болатын. Артынша осы әрекеті үшін қоғамның талқысына қалған. Оның айтуынша, студияға қатысудан бас тартқан, әйтсе де ұялғаннан барған:
«Мен негізінде, бір Алла куә, барғым келген жоқ ол жерге. Менің студиямда үш сағаттай күтті. Мен келмеймін дедім. Бірақ үш сағат күтті... Сонымен қайтадан енді ұят болды. «Әруағын сыйласаңыз келесіз» дегенге келтірді. Сонымен бардым. Барсам, шынымен де өзім ғана болдым. Енді ұят деген нәрсе бар ғой. Ұялғаннан кейін бардым. Барғанда да ақиқатын айттым. Мен не жамандық айттым ол жақта? Ешқандай жаман нәрсе айтқан жоқпын. Отбасын жақсы көреді. Ол – өтірік емес. Ол – рас. Білмеймін, түсінбеймін. Бір Алла өзі реттеп қояды. Мен оған сенемін. Ештеңені де көңіліме алмаймын. Себебі мен білемін. Арым таза».
Индира Елемес бұл жағдайдан кейін арының таза екенін және ешкімге ешқандай зиян тигізбегенін мәлімдеді. Ол әлеуметтік желілердегі сын мен айыптаулардан қатты жараланғанын айтып, бірнеше күн бойы депрессияда болғанын жеткізді.
Арман Дүйсеновтің өз музыкалық студиясында қазақ тапқанын Индира Елемес растаған еді.