Шоу-бизнес

"Мені өзіне тәнті қылды": Балғынбек Имашев Дикий Арманмен қарым-қатынасы жайлы айтты (ВИДЕО)

"Мені өзіне тәнті қылды": Балғынбек Имашев Дикий Арманмен қарым-қатынасы жайлы айтты (ВИДЕО)

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Дикий Арманмен қарым-қатынасы жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды  ozgeris.info.

Ол жұрт арасында тараған қауесеттерге нүкте қойды.

"Менің сөздерімді қаралым үшін, хайп үшін бұрмалап жіберген. Сөздерімнің "танымаймын" деген жерінен қиып тастаған. Мәселе соған халықтың сеніп қалғаны. Сұхбатты ешкім толық көрмеген. Айнұрға Түркияға барған кезде таныстым. Тойына барған кезде таныстық ол жігітпен. Пандемия кезінде елге көп көмектесті ғой. Енді түрмеге кім түспей жатыр, кешегі атақ берген министр, басқа да түсіп қалуы мүмкін. Бірақ мен оны елім, жерім, жұртым дейтін азамат ретінде ұнатып қалдым. Қара күштің иесі деп ойлап едім, өте үлкен интеллекттің иесі екен. Ол бірнеше тілде жақсы сөйлейді. Бүкіл әлемдік саяси жағдайлардың барлығын біліп отыр. Мені өзіне тәнті қылды. "Камерада жалғыз қалған кезде мені суықтан, аурудан сақтаған бір Құдай. Аллаға қылған дұғамның, оқыған Құранымның арқасында аман қалдым" деді маған. Солай менің де иманымды көтеріп жіберді. Қаңтар кезінде одан басқа адам таппады ма әйтеуір соған іліп жіберді. Енді оның ақ-қарасын бір Құдай біледі", - деді ол. 

Барлық жаңалық