Белгілі әнші Нұрлан Еспанов өмірде көңілді болып жүргендерге ештеңе бұйырмайтынын 30 жылдан кейін түсінгенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Нұреке, ата сақалың аузыңа түсті ғой, әзіл айтқанша, ақыл айтпайсың ба дейтіндер көп. Кеше біреу «Нұрлан аға мен сізді жек көремін» деп жазып жіберіпті. «Сен жақсы көру үшін не істеуім керек еді?» деп жауап қайтардым. Бір күні бағдарламаға түсіп, жарнама жасап жатсам, «Нұреке, ашсыз ба?» деп жазыпты. «Тоқпын» дедім, басқа не айтамын? Оған өмірбаяныңды жазатын болсаң, бәрібір түсінбейді. Негізі күлдіріп жүру қиынның қиыны. 30 жылдан бері көңілді жүріп шаршаған адаммын ғой. Көңілді адамға ештеңе бұйырмайды екен. Көп жерде дұрыс түсінбейді. Пайдаланып қалғысы келеді. Керек кезінде шақырады, керек болмасаң сызып тастай салады. Сені қаражаты бар жерге шақырмайды, кішкене көтеріп береді деп құлайын деп тұрған жерлерге шақырады. Көтеріп алғаннан кейін сенің керегің де жоқ», - деп қапаланды өнер иесі.