Шоу-бизнес

«Мен өмірімде қарызға батпағанмын»: Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреулердің қорқытып жатқанын мәлімдеді

«Мен өмірімде қарызға батпағанмын»: Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреулердің қорқытып жатқанын мәлімдеді

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреулердің қорқытып жүргенін айтты. Өнер иесінің сөзінше, әлдекімдер оның Астанада тұратын әпкесіне хабарласып, жалған ақпарат таратқан. Бұл туралы Оzgeris.info ақпарат порталы хабарлайды.

 

Әншінің айтуынша, хат жолдаған адам өзін газ қызметінің өкілі ретінде таныстырып, Мақпал Жүнісованың үш жылдан бері газ үшін төлем жасамағанын алға тартқан. Хатта қарыз шұғыл өтелмеген жағдайда, газды өшіреміз деген қатаң ескерту де болған.

 

Хабарлама мәтінінде:

 

«Жүнісова Мақпал ханымға айтыңыз, үш жылдан бері төленбеген қарызы бар. Қызына бірнеше рет айтылды, өзі бізді бұғаттаған. Бүгін төлемесе, ертең газды өшіреміз. Соңғы ескерту», – деп жазылған.

 

Алайда Мақпал Жүнісова бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, ешқашан коммуналдық қарызы болмағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл – әдейі жасалған қорқыту әрекеті.

 

«Бұл қай қазақ мені осылай қорқытып жүрген? Мен өмірімде қарызға батпаған адаммын. Енді Астанадағы әпкеме хабарласып отыр», — деді әнші.

 

Қазіргі таңда бұл хабарламаның кім тарапынан және қандай мақсатпен жолданғаны белгісіз. Әнші бұл жағдайды арандатушылық әрекет деп бағалап отыр.

Барлық жаңалық