Жаңалықтар

Меморандумдар мен ірі бизнес: Астанада Қазақстан және Черногория президенттері бас қосты

Меморандумдар мен ірі бизнес: Астанада Қазақстан және Черногория президенттері бас қосты

Қазақстан мен Черногория көшбасшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді. Бұл шетелдік басшының елімізге жасаған тарихи алғашқы сапары болғандықтан оған ерекше мән беріліп отыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды мемлекет тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Екі ел арасындағы сауда-саттық байланысты дамытудың әлеуеті зор. Астанаға табан тіреген шетелдік іскер топ өкілдерінің құрамы өте қомақты.

Яков Милатович бұл басқосуды қос мемлекет қатынасының жаңа биікке көтерілгені деп бағалады. Президентпен бірге арнайы форумға қатысу үшін бизнес өкілдері арнайы келген.

Кездесу барысында тараптар саяси және экономикалық серіктестікті кеңейту мәселелерін терең талқыламақ. Жиын қорытындысы бойынша маңызды меморандумдарға қол қойылады.

Барлық жаңалық