Танымал заңгер Мейірман Шекеев берген сұхбатында көптен бері қоғамда талқыланып жүрген сұраққа нүкте қойды, деп жазады Оzgeris.infо сайты kznews.kz-ке сілтемемен.
Журналистердің “Сіз кімнің күйеу баласысыз?” деген сауалына жауап берген Шекеев бұл тақырыпқа қайта оралғысы келмейтінін ашық айтты.
“Ешкімнің күйеу баласы емеспін. Қайда барсам да, осы сұрақты қоюға тырысады. Заңгерлер көбіне назарда жүреді, ақындар сияқты. Сол себепті жеке өміріме қатысты әңгімені осы жерден тоқтатқым келеді”, — деді ол.
Мейірман Шекеев сұхбат барысында кәсіби жұмысына қатысты пікір білдіріп, жеке өмірді талқылауды доғаруды сұрады.