Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Жанар Айжанованың күйеу баласы, экстремал спортшы Сәкен Қағаровқа алаңдап жіберген хабарламасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сәкен Қағаров әлеуметтік желідегі парақшасында енесінен келген хабарламаны көпшілікке көрсетті. Оған спортшының таулы аймақтағы екі тастың арасында қауіпті қимыл жасап, секірген видеосы себеп болған.
Кадрларды көрген Жанар Айжанова күйеу баласының қауіпсіздігіне алаңдап, оған сақ болуды ескерткен.
«Әйй, Сәкен балам басқа жер таппадың ба? Анауың не? Екі тастың ортасында, онымен қоса секіресің, ана тас құлап кетсе не істейсің? Масқара ғой, мынау. Жүрегім ауырып отыр», - деді Жанар Айжанова.
Өз кезегінде Сәкен Қағаров енесінің алаңдаушылығын түсініп, оған қысқа ғана жауап қайтарған.
«Кешірші, мама», - деді спортшы.
Әншінің күйеу баласына деген қамқорлығын байқаған желі қолданушылары Жанар Айжанованы қолдап, мұндай қауіпті әрекеттерді көргенде өздерінің де алаңдайтынын жазған. Көпшілік әсіресе өнер иесінің Сәкен Қағаровты өз баласындай көріп, қауіпсіздігіне алаңдағанына жылы пікір білдірді.