Жаңалықтар

Маңғыстауда үй ауласынан 12 жастағы оқушының денесі табылды

Маңғыстауда үй ауласынан 12 жастағы оқушының денесі табылды

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы аулалардың бірінен мектеп жасындағы баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға туралы жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған. Оның айтуынша, бала тұншығу белгілерімен табылған.

«Бастапқыда оны басқа бір бала әткеншекте ойнап отыр деп ойлаған. Жақындап келген кезде баланың беті көгеріп кеткенін және аузынан ақ көбік шыққанын көрген. Кейін ол ата-анасын шақырып, олар полиция мен жедел жәрдем қызметін хабардар еткен», — дейді дереккөз.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі 1 маусым күні шақырылған.

Дәрігерлер 2014 жылы туған ұл баланың қайтыс болғанын тіркеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі белгісіз.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Барлық жаңалық