Маңғыстау облысының Түпқараған және Мұнайлы аудандарының бұрынғы әкімі Әт Елтізаров мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 4 қарашада Рахат Елтізаровты мас күйінде көлік жүргізгені үшін ӘҚБтК-тің 608-бабының 1-тармағы бойынша жауапкершілікке тартты.
Экс-шенеунік 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
“26 қазан күні сағат 21:50-де Ақтау қаласының 2-шағын ауданындағы "7 пятниц" барының маңында Рахат Елтізаров Chery Tiggo 4Pro автокөлігін мас күйінде жүргізгені үшін тоқтатылған. Медициналық тексеріс оның қанында 0,22 промилле алкоголь бар екенін анықтады”, – делінген іс материалында.
Рахат Елтізаровтың қорғаушылары алғашқы сот инстанциясының шешіміне шағымданды. Алайда 6 қарашада Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.