Қоғам

Маңғыстауда аурухана бухгалтері 32 млн теңгені қалтасына басқан

Маңғыстауда аурухана бухгалтері 32 млн теңгені қалтасына басқан

Маңғыстау облысында аурухананың бас бухгалтері 32 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Облыстық прокуратураның тексеруі кезінде ауруханада 32 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталған.

Тергеу мәліметінше, аурухананың бас бухгалтері танысымен алдын ала келісіп, бюджеттен бөлінген ақшаны жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың есепшоттарына аударып отырған. Кейін қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот отырысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Сот үкімімен аурухананың бас бухгалтері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған 5 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Барлық жаңалық