Жаңалықтар

Маңғыстау облысында әскери қызметші көз жұмды

Маңғыстау облысында әскери қызметші көз жұмды

Кеше, 7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі Департаментінде жазатайым оқиға болып, мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі – техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау.

"Осыған қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Барлық жаңалық