Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде балалардың пайдасына жалпы сомасы 37 млн теңге алимент берешегі өндірілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.
Прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған 22 борышкер әкімшілік, ал 3 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар алимент бойынша берешекті өндіріп алу жұмыстарының нәтижесінде балалардың пайдасына 37 млн теңге қайтарылды.
Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент берешегін өндіріп алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.