Шоу-бизнес

«Махаббатымыз үйленгеннен кейін басталды»: әнші Асан Пердешов өзінен 15 жас кіші әйелі туралы айтты

«Махаббатымыз үйленгеннен кейін басталды»: әнші Асан Пердешов өзінен 15 жас кіші әйелі туралы айтты

Әнші Асан Пердешов қазіргі жұбайымен қалай танысқанын және олардың отбасы құрылғаннан кейін ғана бір-біріне шынайы ғашық болғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі бұл туралы «Kezdesu» бағдарламасында берген сұхбатында әңгімеледі. Оның айтуынша, болашақ жарының анасымен бұрыннан таныс болған. Сол кезде енесі қызының даусын тыңдап, ән жазып беруін өтінген.

Алайда әнші ол қызды алғаш көргенде мектеп оқушысы болғандықтан, болашақ жары ретінде мүлде қабылдамағанын жеткізді.

Кейін уақыт өте аралас-құраластық үзілген. Ал алғашқы отбасымен ажырасқаннан кейін жақындары Асан Пердешовке қайта шаңырақ көтеруге кеңес берген. Әнші тіпті жары болатын қызды туыстарына бірге іздеткенін жасырмады.

Оның сөзінше, қазіргі жұбайы сол кезде өзіне «аға» деп сөйлейтін. Бір күні әнші оның студент болып қалғанын біліп, екеуі ашық сөйлескен. Осылайша ортақ келісімге келіп, шаңырақ көтерген.

Асан Пердешов алғашқы кезде қазіргі жұбайын өмірлік серігі ретінде елестетпегенін де айтты. Дегенмен уақыт өте оның ақкөңілдігі, шынайылығы мен тазалығы ерекше әсер қалдырған.

«Біздің махаббатымыз үйленгеннен кейін басталды. Жоқшылықты да бірге еңсердік. Қазір қол ұстасып, шетелдерді аралап жүрміз», – деді әнші.

Барлық жаңалық