Шоу-бизнес

"Мәдина шалқасынан түскен шығар": Сәдуақасованың образын қайталаған блогер қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

"Мәдина шалқасынан түскен шығар": Сәдуақасованың образын қайталаған блогер қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Желіде танымал әншінің образын қайталап боялған визажисттің видеосы тарап, қызу талқылануда, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ардақ есімді блогер өз парақшасында бейнежазба жариялап:

«Көпшілігіңіз Мадинаға ұқсайсың деп жазып жүрсіздер. Сол үшін өзімді бояп көрдім, шынымен Мадина ханымға ұқсап қалған сияқтымын. Жаңа ашылған бизнес парақшама жазылып қойыңыздар», — деп жазған.

Алайда видеоға пікірлер екі түрлі болды. Біреулер әзіл ретінде қабылдаса, енді бір бөлігі сынап, күлкіге айналдырып жатыр.

Пікірлер арасында:

«Қыздар, не істейміз? Армияға кетеміз бе?», «Мынаны Мадинаға ұқсайсың деген кім?», «Мадина емес, Луинаға ұқсап қалыпты», «Мәдина әпше, сізге бәсекелес пайда болған сияқты», «Армияға қай жылғы қыздарды алып жатыр?» — деген сынды пікірлер жазылған.

Барлық жаңалық